Тарихы тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұр. Бұл бағытта тәуелсіздік алған жылдардан бері біздің елімізде де аталған індеттің бетін қайтару бағытында ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым—Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауларында заң мен тәртіп үстемдігін орнату мемлекеттік сасясаттың басты мақсаты ретінде атап көрсеткен болатын. Осы қағиданы басшылыққа алған Көкшетау қаласының еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдары, әсіресе, құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық шаралармен бірге үгіт-түсінік жұмыстарын да белсене жүргізуде.
Бұл орайда Жастар ресурстық орталықтарының, волонтерлер қозғалысының өкілдері белсенді жұмыстар атқаруда. Өткен жазда Қопа көлінің жағалауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ретінде алғаш рет жеңіл атлетикалық марафон өткізілді.
Президент «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында былай деді: «Ұлтымыз өсіп өркендесің десек, біз жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз керек. Қоғамда еңбекқорлық пен жасампаздық жоғары бағаланып, білімпаздық пен жанашарлық салтанат құруға тиісті».
Мемлекет басшысының айтқан бұл сөзінің түп төркініне тоқталар болсақ, тәрбие жұмыстары алдымен отбасында, еңбек ұжымдарында кең өріс алу керек. Атап айтқанда, барлық деңгейдегі шенеуніктер мен басшылар қоғамның тамырын тап баса білуге, азаматтардың мұн-мұқтажын тыңдап түсінуге, соған сәйкес дер кезінде нәтижелі шаралар қабылдауға және дұрыс шешім шығаруға қабілетті болуы керек. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бұл ең басты талаптың бірі болып саналады. Дәлірек айтқанда бәрімізде «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағиданы берік ұстауымыз керек.
Қала әкімдігі және оған тиісті бөлімдер тарапынан сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауға қатысты атқарылып жатқан шараларға келер болсақ, күн тәртібіндегі өткір бұл мәселе шаһар басшысы ретінде менің де, мемлекеттік қызметшілердің де қатаң бақылауында. Осындай белсенді әрі жоспарлы жұмыс жүргізуіміздің нәтижесінде соңғы екі-үш жылда қала аумағында жемқорлыққа қарсы өкінішті оқиғалар орын алған жоқ. Алайда біз қырағылықты босансытпай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуге міндеттіміз.
Көкшетау қаласының әкімі Б. Ғайса