1. Инвестициялық преференцияларды беруiне мәлiмдеме инвестициялар бойынша уәкiлеттi органдарымен бекiтiлген форма бойынша қабылданады және тiркеледi.
2. Егер инвестициялық преференцияларды беруiне мәлiмдеме преференцияларды берудi салық және (немесе) инвестициялық субсидиялар бойынша қарастырса, инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiбiмен, жетекшiнiң қолтаңбасымен заңды тұлғаның мөрiмен (бар болған жағдайда) расталған жоба алдындағы және (немесе) жобалық құжаттаманың мемлекеттiк экспертизаның тұжырымын ұсынады.