Көкшетау қаласы мемлекеттік органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтері мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың маңызды аспектісі болып табылады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердңі сапалы болуы үшін барлық жағдайлар жасалған.
Көкшетау қаласы бойынша 8 мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Қаланың мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметтердің 64 түрі мен 83 кіші түрін көрсетеді, мемлекеттік қызметтердің 34 түрі Мемлекеттік корпорация арқылы, 59 түрі «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және мемлекеттік органдар арқылы көрсетіледі.
Ақылы негізде мемлекеттік қызметтердің 11 түрі, тегін негізде 50 түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын басшылыққа алады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны 55020 құрды, оның ішінде:
- Мемлекеттік корпорация арқылы - 14241;
- электрондық түрде барлығы – 28006 (ЭҮП, көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері);
- көрсетілетін қызметті берушілер арқылы– 12375.
2022 жылы жүргізілген талдау негізінде ең көп талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салалары болып табылады.
Қалада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы ақпарат «Инстаграм» танымал әлуметтік желісінде gosuslugi_kokshe және Көкшетау қаласының интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде жарияланады.
Көкшетау қаласы әкімдігінің сайтында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін есепке алу мақсатында өткізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын ашық талқылау қала әкімдігінің сайтында «Жобаларды талқылау және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу стандарттарының жобалары» бөлімінде ашық талқылау үшін орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.
2022 жыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жобаларын ашық талқылау барысында қала әкімдігінің сайтына ұсыныстар мен ескертулер келіп түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсететін әрбір жергілікті атқарушы органда келушілер үшін «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стендтер бар.
2022 жыл бойынша қалада мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша барлығы 00 іс-шара, әкімдік отырысы, семинар - кеңестер және тікелей эфирлер өткізілді.
Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары және оларды көрсету тәртібі бар стендтер ресімделді.
2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының 58 қызметкері техникалық оқудан өтті.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардан Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 15 шағым келіп түсті.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы ақпарат |
Шағым мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау мерзімі |
Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжат № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
А.П. Татагулов |
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу мемлекеттік қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
06.01.2022 |
№ 03-06/12 |
Кері қайтарып алу туралы келіп түскен өтінішхат негізінде тоқтатылды |
- |
|
В.В. Торгузова |
Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну мемлекеттік қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
08.02.2022 |
№ 03-06/247 |
Дәлелдер расталды, СЖТ берілді
|
- |
|
А.М. Оспанова |
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу мемлекеттік қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
28.02.2022 |
№ 03-06/392 |
Дәлелдер расталған жоқ, арыз қайта қаралды, сұратылған жер учаскесі берілді |
- |
|
Р.Т. Фаткиев |
Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну мемлекеттік қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
03.03.2022 |
№ 03-06/415 |
Дәлелдер расталған жоқ |
- |
|
А.Б. Курумбаева |
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу мемлекеттік қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
25.03.2022 |
№ 03-06/570 |
Дәлелдер расталды, жер учаскесіне құқық берілді |
- |
|
Б.К. Жумабаев |
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу мемлекеттік қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
28.03.2022 |
№ 03-06/579 |
Дәлелдер расталды, жер учаскесіне құқық берілді |
- |
|
А.Б. Кушпаева |
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу мемлекеттік қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
14.04.2022 |
№ 03-06/771 |
Дәлелдер расталды, жер учаскесіне құқық берілді |
- |
|
С.Д. Темирбаева |

В.К. Ребенко |

06.05.2022 |
№ 03-06/935 |
Дәлелдер расталған жоқ |
- |
|
А.А. Смирнова |
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу мемлекеттік қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
06.05.2022 |
№ 03-06/994 |
Дәлелдер расталған жоқ |
- |
|
Ж.Н. Абельдинова |
Жер учаскесін алуға кезекке қою мемлекеттік қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
11.05.2022 |
№ 03-06/939 |
Кері қайтарып алу туралы келіп түскен өтінішхат негізінде тоқтатылды |
- |
|
А.А. Аубакирова |
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу мемлекеттік қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
03.06.2022 |
№ 03-06/1160 |
Дәлелдер расталды, жер учаскесіне құқық берілді |
- |
|
А.Н. Базарбаева |
Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту мемлекеттік қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
31.10.2022 |
№ 03-05/2267 |
Дәлелдер расталды, жерге орналастыру жобасы бекітілді |
- |
|
Н.В. Зембицкая |
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
02.12.2022 |
№ 03-03/2492 |
Кері қайтарып алу туралы келіп түскен өтінішхат негізінде тоқтатылды |
- |
|
«Жайляу автогараж кооперативі» тұтыну кооперативі |
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату мемлекеттік қызметі бойынша негізсіз бас тарту |
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті |
19.12.2022 |
№ 03-03/2569 |
жазбаша түсіндірулер берілді |
|
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті жүргізген Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметіне профилактикалық бақылау нәтижесінде 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында заңнаманың бұзылуы анықталды.
Департамент Көкшетау қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне ұйғарым енгізді. Бөлім басшысы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жауапкершілікке, ал оның міндетін атқарған лауазымды тұлға ұйғарымды тиісті орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 462-бабы бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіретін жергілікті атқарушы органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелері бақылау іс-шарасы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу нысанында жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шараларының жоспары жыл сайын бекітіледі. 2022 жылы Көкшетау қаласының дербес бөлімдерінде («Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі) 6 бақылау іс-шарасы өткізілді.
2022 жылы қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын және тиімділігі одан әрі арттыру мақсатында, Көкшетау қаласының әкімі 2022 жылға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарын бекітті. Сондай-ақ, кестеге сәйкес онлайн режимде «Адал көмек» жобасы шеңберінде мемлекеттік қызметтер мәселелері және Көкшетау қаласының мемлекеттік органдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру болып табылады. Яғни, «сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығы болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша байланыс нөмірлері: 87162 29-78-23, 29-78-24.
Аппарат басшысы Д. Нұрсейітов