«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 22 - 23.04.2026
Практикалық бағалау : 25.04.2026
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы, «Е-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
бөлімнің қызметіне жалпы басшылық жасау. Жұмылдыру дайындығы және облысты жұмылдыру, сондай-ақ аумақтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, қала экономикасын және мемлекеттік органдарды, ұйымдар мен кәсіпорындарды жұмылдыру жағдайында, әскери жағдай және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі кешенді іс-шараларды іске асыру жұмыстарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында уәкілетті органмен қаланың жұмылдыру жоспарларын және аумақтық қорғаныс жоспарларын келісу. Құзыреттілігінің аясында ұйымдармен және кәсіпорындармен өзара әрекет етуді қамтамасыз ету. Облыстық және қалалық штабтық жаттығуларды, жұмылдыру және аумақтық қорғаныс саласында оқуларды дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде оның салдарын жою және шығынын төмендету бойынша шараларды әзірлеу және шаралар қабылдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Апаттарды, төтенше жағдайларды тексеріп-тергеуге қатысу. Аэроғарыштық қызмет саласындағы қауіпсіздік жөніндегі іс-шараларды үйлестіру.
Білімі бойынша талап:
ұлттық қауіпсіздік және әскери іс немесе бизнес, басқару және құқық немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық қауіпсіздік) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (инженерлік және инженерлік іс немесе сәулет және құрылыс) саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5112922708