«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 21 – 23.02.2026

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 03.03.2026

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 06.03.2026

Әңгімелесу: 12.03.2026

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 327923

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

        «Көкшетау қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ техникалық қадағалау секторының меңгерушісі, «Е-R-3» санаты

 

Функционалдық міндеттері:

 

сектор қызметіне жалпы басшылық жасау, оның қызметкерлерінің міндеттерін ұйымдастыруды, бөлуді және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Сектор қызметкерлері жүргізетін жұмыстарды жинақтау, анықтамалар мен ақпараттар дайындау. Орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін, жұмыс көлеміне қатысты калькуляциялар мен құн есептеулерін тексеру, келісу, мердігерлердің шарттық міндеттемелерді заттай және құндық мәнде орындауы бойынша жинақтау ведомостарын жүргізу. Мекеме бойынша бұйрықпен бекітілген объектілер бойынша мердігерлік ұйымдар орындайтын жұмыстардың көлеміне тұрақты техникалық қадағалауды жүзеге асыру. Шарттардың, кепілдік міндеттемелердің орындалу мерзімдерін бақылау, объектілерді пайдалануға беруге қабылдау жөніндегі комиссияның, техникалық кеңестердің жұмысына қатысу. Техникалық қадағалау секторының желісі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың кіріс хат-хабарларын, өтініштерін қарау, сондай-ақ олардың сектор қызметкерлерінің уақтылы және сапалы қаралуын бақылау. Бөлім басшысы берген сенімхаттар негізінде сот органдарын қоса алғанда, барлық ұйымдарда, мекемелерде бөлімнің мүдделерін білдіру.

 

Білімі бойынша талап:

 

инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (инженерия және инженерлік іс немесе өндірістік және өңдеу салалары немесе сәулет және құрылыс немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)) немесе қызмет көрсету (көлік қызметтері) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (техникалық физика немесе механика) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жұмыс тәжірибесі жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

 

Шағым жасау тәртiбi

 

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4880300424

Дата публикации
20 февраля 2026