Стратегиялық экологиялық бағалау есебін қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін келесі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) ұсынылды:

- «Ақмола облысы Көкшетау қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасына стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есебі;

- «Ақмола облысы Көкшетау қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасына түсіндірме жазбасы.

 

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «МПК-Проект» ЖШС

СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: Көкшетау қаласы әкімдігінің «жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты: Көкшетау қаласы әкімдігінің «жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қоғамдастықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  • Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе? Егер иә болса, бұл әсерлер қандай және неге оларды елеулі деп санайсыз?
  • Бас жоспарды бекітпес бұрын қоршаған орта мен халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерттеу қажет және неге?
  • СЭБ есебінде сізді қызықтыратын қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлер туралы барлық ақпарат қамтылған ба? Қандай ақпарат сізді қызықтырады және неге?
  • Бас жоспарды іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал әсерлеріне қатысты басқа да ескертулер мен ұсыныстарыңыз бар ма?

Стратегиялық құжаттың әрекет ету мерзімі: 2025-2050 жж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2026 жыл 2 ақпаннан бастап (пікірлер мен усыныстарды қабылдаудың соңғы күні 2023 жыл 3 наурызға дейін коса алғанда).

 

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz        

Жазбаша ескертулер мен ұсыныстарды электрондық түрде министрліктің кеңсесіне келесі электрондық пошта арқылы жіберуге болады: k.kense@ecogeo.gov.kz

Құжаттарыңыздың кеңсеге жеткенін міндетті түрде келесі телефон арқылы нақтылаңыз: +7 7172 74-08-44

СЭБ материалдары орналастырылған:

Министрліктің ресми сайтында (бөлім «Қызмет» – бөлім «Негізгі құжаттар» – бөлім «Стратегиялық экологиялық бағалау»).

Дата публикации
02 февраля 2026