«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 16 – 18.01.2026

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.01.2026

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 28.01.2026

Практикалық бағалау 1 тапсырма: 31.01.2026

Практикалық бағалау 1 тапсырма: 01.02.2026

Практикалық бағалау 1 тапсырма: 02.02.2026

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

        «Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы, «Е-R-4» санаты

 

Функционалдық міндеттері:

 

бөлім басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс. Қаланың туризм саласындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының рейтингтік көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс жасау. Туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Қала туризмін дамытудың мақсатты және стратегиялық бағдарламаларының орындалуы бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептерді жасау. Туризм мәселелері бойынша форумдарға, кеңестер мен семинарларға қатысу және ұйымдастыру. Қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру және мониторинг жүргізу. Туристік саладағы инвестициялық жобалар бойынша деректер банкін қалыптастыру. Бөлімнің әлеуметтік желілері мен сайтының қызмет етуін және контенттік толтырылуын бақылауды жүзеге асыру. Бөлімнің негізгі қызметі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен және әлеуметтік желілермен жұмыс жасау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша хаттар мен арыздарды қарау.

 

Білімі бойынша талап:

 

бизнес, басқару және құқық (менеджмент немесе халықаралық құқық немесе құқықтану немесе маркетинг немесе әлемдік экономика немесе инновациялық менеджмент немесе мемлекеттік аудит немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе өңірлік даму) немесе педагогикалық ғылымдар (математика немесе құқық және экономика негіздері) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (математика немесе статистика) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (мұнай-газ ісі немесе жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы (сала бойынша), азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (сала бойынша) немесе қызмет көрсету (туризм) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жұмыс өтілі талап етілмейді

 

 

Шағым жасау тәртiбi

 

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4776710468

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 января 2026