Кәсіпкерлер карантинде қалай жұмыс істейді?

Соңғы қаулыдағы өзгерiстер негiзiнен карантиндiк аймақтар деп жарияланған Көкшетау мен Степногорскiге қатысты болып отыр. Көптеген мекемелердiң жұмыс уақыты қысқарады, ал сауда орталықтары мен азық-түлiк емес дүкендер демалыс күндерi жабылады.

Көкшетау мен Степногорсктегi азық-түлiк дүкендерiне таңғы жетiден сағат 20.30-ға дейiн (облыстың басқа елдi мекендерiнде сағат 22-ге дейiн) жұмыс iстеуге рұқсат етiлген. Жанармай құю бекеттерiндегi азық-түлiк дүкендерiнде таңғы жетiден 23 сағатқа дейiн (23-тен таңғы алтыға дейiн-тек алып кету үшiн).

«Сауда-ойын сауық орталықтары, азық-түлiк емес дүкендер, ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда үйлерi жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 20.30-ға дейiн жұмыс iстейтiн болады. Демалыс және мереке күндерi Көкшетау мен Степногорскте оларға жұмыс iстеуге тыйым салынады (құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектерсататын дүкендердi қоспағанда басқа елдi мекендерде сенбi күндерi сағат 10.00 — ден 17.00-ге дейiн жұмыс iстеуге болады,)», — делiнген қаулыда.

Көкшетау мен Степногор қалаларында сұлулық салондары, СПА-орталықтар, шаштараздар, косметология кабинеттерi жұмыс күндерi сағат 8.00-ден 20.30-ға дейiн жұмыс iстейдi. Әлеуметтiк қашықтық — бiр келушiге төрт шаршы метр және креслолар арасында екi метр. Демалыс және мереке күндерi-қызмет көрсетуге тыйым салынады (басқа елдi мекендерде сенбi — жұмыс күнi).

«Ақмола облысы мемлекеттiк органдарының 80 пайызы қашықтан жұмыс iстеуге көшедi. Көкшетау мен Степногорскiде — штат саны 20-дан асатын, басқа қалалар мен аудандарда — 30-дан асатын ​ мекемелер қашықтан жұмыс iстейдi", — дедi облыстың бас санитарлық дәрiгерi Айнагүл Мусина.

covid19 #карантин #үйдеболыңыз #Көкшетаулықтар #жақыныңа_жанашыр_бол

Дата публикации
27 ноября 2020