CОVID-19: Жаңа қаулы аптаның соңында күшіне енеді

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз күйiнде қалып отыр. Өңiр ​ коронавирус бойынша қауiптiлiктiң «қызыл аймағына» кiрдi. Осыған байланысты қазiр жаңа қаулы дайындалуда, ол аптаның соңына қарай күшiне енедi. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрiгерi Айнагүл Мусина мәлiмдедi.

Кеше ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi, онда қызыл аймаққа енген облыстарға бiрқатар ұсыныстар берiлдi.

«Бiз бүгiн өтетiн өңiрлiк жедел штаб отырысында қаралатын бiрқатар ұсыныстар дайындадық. Енгiзiлетiн шектеулер туралы бiз қосымша хабарлаймыз», — деп атап өттi Айнагүл Мусина.

Жаңа қаулы демалыс күндерiне жақын күшiне енедi.

«Iс-шаралар енгiзiлгенге дейiн үш күн бұрын хабарлайтын боламыз. Негiзiнде, берiлген ұсыныстар бiзде орындалып жатыр», — дедi спикер.

24 қарашадағы жағдай бойынша КВИ-мен сырқаттанушылықтың 4 692 жағдайы тiркелген. 209 науқас емделуде.

«Соңғы тәулiкте 68 жағдай оң нәтижемен тiркелдi. Көкшетауда — 42, Степногорскте- 9, Бурабай ауданында — 7, Атбасар және Зерендi аудандарында — 4, Бұланды және Сандықтау аудандарында — 1", — дедi А.Мусина.

covid19 #жаңақаулы #жақыныңа_жанашыр_бол #aqmola @kokshetaugazet

Дата публикации
24 ноября 2020