Құрметті Көкшетау қаланың тұрғындары!

Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 13-бабының нормаларына сәйкес «Ақмола облысының Көкшетау қаласындағы коммерциялық және өндірістік учаскелерге арналған  325 га өндірістік аймақтың  егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету», «Ақмола облысының Көкшетау қаласында ауданы 119,3 га учаскеде өндірістік аймақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу», «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Сары-Арқа шағын ауданы 45га учаскесінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету», «Ақмола облысы Көкшетау қаласы Әуезов, Тәшенов-Абай-Пушкин көшелерінің кварталында ауданы 10 га учаскесінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу» бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу туралы халықты хабардар етеді.

         Қоғамдық талқылаулар 24.12.2025 ж. сағат 16.00-де өтеді.

         Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 141.

         Талқылауға жататын мәселелер туындаған жағдайда Көкшетау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 21 мекенжайы бойынша «Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгіну қажет. Ұсыныстар 50-00-17 телефоны арқылы қабылданады, e-mail: arkhitektura15@mail.ru.

Дата публикации
03 декабря 2025