«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24.10. – 31.10.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 08.11.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 12.11.2025
Сұхбат: 18.11.2025
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210087
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жер қатынастары секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен жолданымдарын қарау; жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету; материалдарды дайындау және жер комиссиясының қарауына жолдау; жер учаскелерін қажеттілігіне қарай көзбен шолып тексеру; нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; жергілікті атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; жер учаскелерін көзбен шолып тексеру талап-арыз жұмысы бойынша барлық сот органдарында өкілдік етеді; прокурорлық ден қою актілерін және басқа да бақылаушы органдарды (ұсынымдар, нұсқамалар, актілер) қарау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, басқа құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; бөлім қызметкерлеріне Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізу, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі жұмыстарды жүргізу; иесіз жер учаскелерін көтеру және оларды есепке қою жөніндегі жұмыстарды жүргізу; бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді талдау бойынша жұмыстар жүргізу.
Білімі бойынша талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жерге орналастыру немесе кадастр) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе топырақтану және агрохимия немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы жерді мелиорациялау, баптау және қорғау) немесе бизнес, басқару және құқық (құқық немесе халықаралық құқық) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4602124180