«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24.10. – 31.10.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 08.11.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 12.11.2025
Сұхбат: 18.11.2025
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алу секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін оның мүшелері ретінде конкурстық комиссияларға қатысу. Тапсырыс беруші ұсынған өтінім негізінде конкурстық, аукциондық құжаттаманы әзірлеуге қатысу, сондай-ақ оны талқылауға және түзетуге қатысу. Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды орналастыру, талқылау, алдын ала жіберу хаттамаларын және қорытындыларын уақытылы жариялау. Бөлімнің құзыреті шегінде есептілікті, жиынтық есептерді, ақпараттық-талдамалық анықтамаларды жинау, талдау, дайындау және жасау. Аудиторлық есептерге бұрын жіберілген қарсылықтар бойынша алынған ішкі мемлекеттік аудиттің жоғары тұрған уәкілетті органының қорытындыларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан қарау. «Мемлекеттік сатып алу» веб-порталының «қорытындылар журналы» бөліміне келіп түсетін Ішкі мемлекеттік аудиттің жоғары тұрған уәкілетті органының қорытындыларының түсуін бақылау, сондай-ақ қорытындылар келіп түскен хабарламалардың орындалу мерзімдерін бақылау. Ішкі мемлекеттік аудиттің уәкілетті органының хабарламаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан қарау және оларды заңда белгіленген мерзімдерде одан әрі орындау. Келіп түскен аудиторлық есептерді, хабарламаларды, ішкі мемлекеттік аудит уәкілетті органының ұйғарымдары мен қорытындыларын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің апелляциялық комиссиясының хаттамаларын, сондай-ақ бөлім бірыңғай ұйымдастырушы ретінде өткізетін мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Ақмола облысының Тексеру комиссиясының сәйкестік аудиттері мен ұйғарымдарын бақылау. Өз құзыреті шегінде бөлімнің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау. Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың орталықтандырылған тапсырмаларын және бөлім басшысының тапсырмаларын белгіленген мерзімде және тиісті сапада орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4602114970