«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.10. – 21.10.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 30.10.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 02.11.2025

Сұхбат: 07.11.2025

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік көмек секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты

 

Функционалдық міндеттері:

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен жолданымдарын өз құзыреті шегінде қарау. Мүгедектігі бар балаларды оқытуға шығындарды өтеу, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге базадан құжаттарды қабылдау. Әлеуметтік көмек тағайындауға және жолданымдарды есепке алуға арналған ақпараттық жүйелердегі жұмыс. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу, мүгедектігі бар балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мәселелері бойынша халықты қабылдау және кеңес беру. Жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жолдау үшін ақпараттар мен қажетті есептерді жинақтау және жасау. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.

 

Білімі бойынша талап:

бизнес, менеджмент және құқық немесе педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология немесе әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтік ғылымдар) немесе қызметтер (әлеуметтік жұмыс) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

 

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жұмыс өтілі талап етілмейді

 

 

Шағым жасау тәртiбi

 

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4579957373

Дата публикации
14 октября 2025