«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.10. – 21.10.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 30.10.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 02.11.2025

Сұхбат: 07.11.2025

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қаржы-экономикалық секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты

Функционалдық міндеттері:

 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін, орамішілік магистральдық инженерлік желілер мен автожолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, көгалдандыру, қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту объектілерін сыртқы күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар, тұрғын үй инспекциясының қызметі саласындағы перспективалық және ағымдағы жоспарларды жасау мәселелерімен жұмыс. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың бюджеттік бағдарламалары бойынша перспективалық, кешенді, инвестициялық, стратегиялық жоспарларды, бюджеттік өтінімдерді жасау, объектілер бойынша шығындарды есепке алу, есептілікті жасау, есептерді, калькуляцияларды, нарықтық қатынастардың есептерін тексеру, анықтамалар, ақпараттар жасау. Бөлім аппаратын ұстау бағдарламасы бойынша бюджеттік өтінім жасау. Жоғары тұрған органдар мен басшылық үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы жедел ақпарат беру. Орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін ресімдеудің дұрыстығын тексеру. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың кіріс хат-хабарларын, өтініштерін қарау. Бөлім басшысы Берген сенімхаттар негізінде сот органдарын қоса алғанда, барлық ұйымдарда, мекемелерде Бөлімнің мүдделерін білдіру.

 

Білімі бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе әлемдік экономика) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жұмыс өтілі талап етілмейді

 

 

Шағым жасау тәртiбi

 

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4579791542

Дата публикации
14 октября 2025