«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.09. – 03.10.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 11.10.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 15.10.2025

Сұхбат: 21.10.2025

Анықтама телефоны: 87162297819

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, «Е-R-4» санаты

Функционалдық міндеттері:

 

діни бірлестіктер жұмысының үйлесімдігі мен мониторингі; діни бірлестіктер көшбасшыларымен өзара әрекеттесуін және олармен қарым-қатынасты қамтамасыз ету; діни бірлестіктермен іс-шаралар өткізу және ұйымдастыру; қала әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жасау бойынша Кеңестің жұмысын ұйымдастыру; қаланың діни жағдайына мониторинг жүргізу; Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастыру; жалпы қалалық іс-шараларды өткізу мен дайындауға қатысу; ішкі саясат саласында мемлекеттік органдарының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, бөлім қызметіне жататын мәселелер жөніндегі ақпараттық-аналитикалық материалдарының дайындығын жүзеге асыру; жоғары мемлекеттік органдарға ай сайын және тоқсан сайын есептерді ұсыну.

 

Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе дінтану және археология және этнология немесе шығыстану немесе теология немесе түркітану немесе исламтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жұмыс өтілі талап етілмейді

 

Шағым жасау тәртiбi

 

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4523313150

Дата публикации
26 сентября 2025