«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.09. – 18.09.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 26.09.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 01.10.2025
Сұхбат: 06.10.2025
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары, «E-R-2» санаты
Функционалдық міндеттері:
мекемеге жүктелген міндеттер мен функцияларды қамтамасыз ету, бөлімнің қаржы –экономикалық және техникалық қадағалау секторларының жұмысын бақылау және үйлестіру. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін зерделеу және қорыту. Көкшетау қаласының жолдарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын жоспарлау және іске асыру. Жыл сайынғы көктемгі және күзгі жолдарды тексеруді ұйымдастыру. Жобалық жұмыстардың жыл сайынғы жоспарларын дайындау. Мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерді сапалы орындауын, көзбен шолып бақылау жолымен жүргізілетін жол-жөндеу жұмыстарының сапасын, жүргізілетін жұмыстардың жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін, мердігер ұсынған қолданылатын материалдарға сапа сертификаттарын талдауды, автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға, көктемгі тасқын суларды өткізуге, автожолдардың өтуіне бақылау жасау. Жолаушылар мен багажды қалалық, қала маңындағы тұрақты тасымалдауды ұйымдастыруды, олардың маршруттарын бекітуді, сондай-ақ оларға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізуді және маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекітуді бақылау, жолаушылар мен багажды қалалық, қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу кезінде бақылауды жүзеге асыру. Коммуналдық меншіктегі су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа да көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысу. Орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін келісу. Мемлекеттік қызметтердің сапасын көрсетуді бақылау. Сот органдарын қоса алғанда, барлық ұйымдарда, мекемелерде бөлімнің мүдделерін білдіру. Бөлім алдында тұрған міндеттерді іске асыру үшін өзге де міндеттер мен функцияларды орындау.
Білімі бойынша талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (инженерия және инженерлік іс немесе өндірістік және өңдеу салалары немесе сәулет және құрылыс немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)) немесе қызметтер (көлік қызметтері) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (техникалық физика немесе механика) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4488791789