«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.09. – 09.09.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.09.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 20.09.2025
Сұхбат: 25.09.2025
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бас маманы (14.12.2025 ж. дейін негізгі қызметкердің жүктілік және босануға байланысты демалыс кезеңіне), «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
бюджетке түсетін түсімдерді болжау; бюджетке түсетін түсімдерді болжау мәселелері бойынша талдамалық және басқа да ақпаратты дайындау; тиісті ұсыныстар әзірлей отырып, бөлімге келіп түсетін ақпаратты талдау. Бөлім секторларымен, қалалық бөлімдермен өзара іс-қимыл. Құзыреті шегінде түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру, қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, қалалық мәслихат сессияларының шешімдерін, әкімдік қаулыларын, ББӘ өтінімдерін іске асыру бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу. Қалалық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуына апта сайынғы мониторинг. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді, нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті қалыптастыру. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің түсуін күнделікті есепке алу. Қала бюджетінің атқарылуын талдау. Қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қазынашылық органдарымен салыстыру, алшақтықтар бойынша түсіндірме жазбалар дайындау. Жергілікті атқарушы орган резервінің қаражатын пайдалану туралы, бюджетті нақтылау саны туралы, бюджет қаражатының бос қалдықтарының бағыты туралы мәліметтерді қалыптастыру. Қалалық бюджеттің бюджеттік параметрлерін қалыптастыруға қатысу. Сектор құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық анықтамалар, материалдар, ақпарат дайындау. Қалалық бюджетті әзірлеу және нақтылау жөніндегі бюджеттік комиссияның қарауына материалдар дайындау. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша ұсыныстар мен ақпарат дайындау. Жоғары тұрған органдардың, бөлім басшылығының құжаттарын, тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау, кадрлық іс жүргізуді, жеке және заңды тұлғалардың сектор құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттары мен өтініштерін жүргізу.
А блогы, 4 грейд.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4478138051