Облысымызда соңғы тәулiктерде коронавирус iндетiнiң көптеп тiркелуiне байланысты бас санитарлық дәрiгердiң жаңа қаулысы күшiне енедi. Соған сәйкес облыс орталығының периметрi бойынша орнатылған санитарлық бекеттерде бақылау күшейтiледi.
Осыдан төрт күн бұрын Ақмола облысы «жасыл аймақта» болса, қазiргi таңда «сары аймаққа» енiп отыр. Бұл карантин шараларын жедел түрде күшейту қажеттiгiн бiлдiредi. Қарашаның 7-сiнде Көкшетау қаласының аумағында санитарлық бекеттер қойылып, қалаға кiрiп-шыққан тұрғындар арасында термометрия, сауалдама жүргiзiлген болатын.
Жаңа қаулыға сәйкес аумағы 500 шаршы метрден асатын азық-түлiк емес дүкендердiң, ойын-сауық, сауда орындарының жұмыс уақыттарына шектеу қойылады. Олардың жұмыс уақыты — 10.00-ден 19.00-ге дейiн, сенбi күнi 10.00-ден 17.00-ге дейiн.
Егдежастағыадамдарауруғабейiмкелетiндiктен, 65 жастан асқанмтұрғындарға далаға себепсiз шығуға шектеу қойылды. Үйге қонақ шақыруға, той өткiзуге бұрынғыша рұқсат етiлмейдi. Өкiнiшке қарай халық әлi де тәртiпке көндiге алмай жатыр.
Өткен демалыс күндерi рейд шаралары кезiнде эпидемиялық қызмет пен тәртiп сақшылары «Аристократ» мейрамханасы мен «Балмахаббат» дәмханасында өтiп жатқан тойдың үстiнен түскен. Аталған ойын-сауық орындарының иелерiне Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстiң 425-бабы бойынша шара қолданылады.
#covid19#сақтан#жақыныңа_жанашыр_бол#aqmola@kokshetaugazet 