ПЦР-тест ​ тапсыру міндеттеледі

Өңiрде 13 қарашадан бастап жаңа карантиндiк шектеулер енгiзiледi. Ендi Көкшетау қаласына кiру үшiн басқа облыстардың тұрғындарына covid-19-ға терiс нәтижесi бар анықтама қажет. Қолданылу мерзiмi-үш күннен аспайды. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрiгерi Айнагүл Мусина мәлiмдедi.

​Оның айтуынша, тыйым 13 қарашадан бастап барлық көлiк түрлерiне, соның iшiнде темiржол көлiгiне де қатысты. Бұл тек басқа облыстардың тұрғындарына қатысты болады. Ақмолалықтар облыс аумағында кедергiсiз жүре алады. ПТР-тестiлеусiз келген адам қала аумағына кiрмейдi.

​"Ендi Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Чайкино және Станционный кенттерi аумағы бойынша тұрғындардың және автокөлiк жүргiзушiлерiнiң 21:00 — ден 06: 00-ге дейiн жаяу жүруiне тыым салынады", — дейдi Айнагүл Мусина.

​КВИ алдын алу жөнiндегi iс-шараларға қатысатын қызметтер мен ұйымдарға тыйым салынбайды. Полиция департаментi түнде жүруге рұқсат етiлген такси қызметтерiнiң тiзiмiн жариялайды.

​"Автокөлiк жүргiзушiлерiне сағат 23:00 — ден 06:00-ге дейiн шектеу қойылады", — деп толықтырды бас санитарлық дәрiгер.

 

Дата публикации
11 ноября 2020