Ендi пойыздар тек бiрiншi, екiншi және үшiншi деңгейлi станцияларда тоқтайды. Ал Петропавлдан келген жолаушылар үшiн мiндеттi түрде ПТР-тест болуы тиiс.
«Вокзал ғимаратына тек жол жүру құжаттары болған жағдайда ғана кiруге рұқсат етiледi. Шығарып салушыларға жол берiлмейдi. Птр-тест тек Петропавлдан шығатындар үшiн қажет. Егер жолаушы Көкшетаудан немесе Нұр-Сұлтаннан жүрсе, ПТР-тест қажет емес», — дедi" Көкшетау " станциясының темiржол вокзалының бастығы Роза Арыстанқызы.
Өзгерiс поездардың жүру кезеңдiлiгiне ғана қатысты. Күнделiктi маршруттар күн сайын жүредi.
«Пойыздар шағын станцияларда тоқтамайды. Шағын станциялардан билетсатып алған жолаушылар билеттi комиссиясыз толық өтеумен қайтара алады», — дейдi Роза Арыстанқызы.
Темiржол вокзалы бастығының айтуынша, электр пойыздарыбарлық станциялардатоқтайды.
Вокзал ғимараты штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.
#covid19 #ждвокзал #карантин #Көкшетаулықтар @kokshetaugazet 