Теміржол тасымалы бойынша жаңа ережелер енгізілді

Ендi пойыздар тек бiрiншi, екiншi және үшiншi деңгейлi станцияларда тоқтайды. Ал Петропавлдан келген жолаушылар үшiн мiндеттi түрде ПТР-тест болуы тиiс.

​«Вокзал ғимаратына тек жол жүру құжаттары болған жағдайда ғана кiруге рұқсат етiледi. Шығарып салушыларға жол берiлмейдi. Птр-тест тек Петропавлдан шығатындар үшiн қажет. Егер жолаушы Көкшетаудан немесе Нұр-Сұлтаннан жүрсе, ПТР-тест қажет емес», — дедi" Көкшетау " станциясының темiржол вокзалының бастығы Роза Арыстанқызы.

​Өзгерiс поездардың жүру кезеңдiлiгiне ғана қатысты. Күнделiктi маршруттар күн сайын жүредi.

​«Пойыздар шағын станцияларда тоқтамайды. Шағын станциялардан билетсатып алған жолаушылар билеттi комиссиясыз толық өтеумен қайтара алады», — дейдi Роза Арыстанқызы.

​Темiржол вокзалы бастығының айтуынша, электр пойыздарыбарлық станциялардатоқтайды.

Вокзал ғимараты штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

#covid19 #ждвокзал #карантин #Көкшетаулықтар @kokshetaugazet         

Дата публикации
11 ноября 2020