«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.08.2025 – 07.08.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 15.08.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 20.08.2025
Сұхбат: 25.08.2025
Анықтама телефоны: 87162297819
«E-R-2» санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының орынбасары, «E-R-2» санаты
Функционалдық міндеттері:
бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын бақылау функцияларын жүзеге асыру, бөлімнің қызметін ұйымдастыру, статистикалық деректер жиынтығы бойынша бөлімнің жұмысын бақылау және үйлестіру; жер, сәулет және қала құрылысы заңнамасы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіру; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Көкшетау қаласының жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау; жер, сәулет және қала құрылысы заңнамасын қолдану практикасын қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын сапалы және уақытылы қарауды қамтамасыз ету, бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету; мемлекеттік сатып алуды құқықтық сүйемелдеуді ұйымдастыру. Жетекшілік ететін саладағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, бюджет қаражатын жоспарлауға, тиімді пайдалануға және игеруге, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
А блогы, 6 грейд.
Білімі бойынша талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе көлік құрылысы немесеинженерлік жүйелер және желілер немесе геодезия және картография немесе жерге орналастыру немесе кадастр) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе топырақтану және агрохимия немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы жерді мелиорациялау, баптау және қорғау) немесе бизнес, басқару және құқық саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4450969547