«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.07.2025 – 29.07.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 06.08.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 09.08.2025
Сұхбат: 14.08.2025
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұйымдастыру-бақылау және аналитикалық жұмыс секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына және халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы қызметтер ұсынуға ішкі бақылау жүргізу; мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметтер бойынша мониторинг және бағаларды салыстыру актісін жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету. Мемлекеттік органның ресми сайтын жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды дайындау және жариялау. Ұйымдардың негізгі қызметі бойынша мәтіндерді мемлекеттік және орыс тілдеріне аударуды және түзетуді жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі комиссияның отырысына құжаттарды дайындау. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, оларға жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәліктер беру үшін арнайы комиссия отырысының жұмысын жүзеге асыру.
В блогы, 3 грейд.
Білімі бойынша талап:
бизнес, менеджмент және құқық немесе педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология немесе әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтік ғылымдар) немесе қызметтер (әлеуметтік жұмыс) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4442297688