2025 жылғы 13 шілде Станционный кентінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

ХАБАРЛАМА

          2025 жылғы 13 шілдеде Көкшетау қаласының Станционный кенті әкімінің сайлауы өтті.

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының Көкшетау қаласы Станционный кентінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Көкшетау қаласы Станционный кентінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі:

 

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1677 азамат кірді, олардың 1271 – дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 51, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 115.

Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:

          Аширбеков Б.А. – 105; Қажымұрат Ә.Е. – 98; Тулебаев А.Т. – 902.

          Тулебаев Алибек Тилегенович Көкшетау қаласы Станционный кентінің әкімі болып сайланды, 1966 жылы туған, Көкшетау қаласы Станционный кентінің әкімі, Көкшетау қаласында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған.

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес Көкшетау қалалық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 16 шілдедегі шешіммен 2025 жылғы 13 шілдеде сайланған Көкшетау қаласының Станционный кентінің әкімін тіркеді.

                                      

Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 июля 2025