«Б» корпусының бос мемлекеттікәкімшіліклауазымдарғаорналасуғажалпы конкурс туралыхабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05.07.2025 – 14.07.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 22.07.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 25.07.2025
Сұхбат: 30.07.2025
Анықтама телефоны: 87162297893
Е-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы, «E-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
бөлім басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс. Белгіленбеген жерлерде стихиялық сауданы жою мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына мониторинг, талдау жүргізу. Мониторингті жүзеге асыру, жанар-жағармай материалдарын талдау және осы саладағы кәсіпорындардың жұмысын үйлестіру, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша кәсіпорындардың жұмысын талдау және үйлестіру, жалақыны арттыру бойынша кәсіпорындармен талдау және өзара іс-қимыл жасау. Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша форумдар, кеңестер мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша хаттарды, жолданымдарды, арыздарды қарау.
В блогы, 3 грейд.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (менеджмент немесе халықаралық құқық немесе құқықтану немесе маркетинг немесе әлемдік экономика немесе инновациялық менеджмент немесе мемлекеттік аудит немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе өңірлік даму) немесе педагогикалық ғылымдар (математика немесе құқық және экономика негіздері) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (математика немесе статистика) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (мұнай-газ ісі немесе жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы (сала бойынша), азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (сала бойынша) немесе қызмет көрсету (туризм) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4416185545