«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.07.2025 – 09.07.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.07.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 20.07.2025

Сұхбат: 24.07.2025

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 282693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, «E-3» санаты

 

Функционалдық міндеттері:

 

жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық міндеттері мен қызметіне қол жеткізу дәрежесіне талдау жүргізу. Көкшетау қаласы әкімінің, Ақмола облысы әкімдігінің жұмыс сапарларының барысын және Қазақстан Республикасы басшыларының, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының Көкшетау қаласына жұмыс сапарларының барысын бақылау. Жұмыс сапарларына және қала әкімінің қатысуымен өтетін кеңестерге материалдар дайындау (баяндамалар, анықтамалық материалдар және т.б.). Ақмола облысы және Көкшетау қаласы әкімдерінің, облыс және қала әкімдерінің орынбасарларының, облыс және қала әкімі аппараттарының басшыларының тапсырмалардың орындалу барысына бақылауды жүзеге асыру, олардың орындалуы жөнінде ақпарат дайындау. Сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтандыруға бақылауды жүзеге асыру. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі», «Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің жұмыстарын үйлестіру.

А блогы, 5 грейд.

Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылым) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе қызмет көрсету немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жұмыс өтілі екі жылдан кем емес

 

Шағым жасау тәртiбi

 

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4402780316

Дата публикации
01 июля 2025