«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.06.2025 – 03.07.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 12.07.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 16.07.2025
Сұхбат: 21.07.2025
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік көмек секторының бас маманы (жүктілік және босану бойынша негізгі қызметкердің 04.08.2025 ж. дейін демалыс кезеңіне), «E-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету. Әлеуметтік көмек бойынша Азаматтарға, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша Консультация беру. Әлеуметтік көмек жөніндегі арнайы комиссияның отырысына материалдар дайындау. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алушылардың шоттарына жіберу. Атаулы әлеуметтік көмекті, әлеуметтік көмекті, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тағайындау және төлеу бойынша заңнамалық базамен жұмыс. Жәрдемақы тағайындауға және өтініштерді есепке алуға арналған ақпараттық жүйелердегі жұмыс. Әлеуметтік көмекке жүгінгендерді тіркеу журналын, әлеуметтік көмек жөніндегі арнайы комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізу және қабылданған шешім туралы өтініш берушілерге жазбаша жауаптар дайындау. Қажет болған жағдайда ақпаратты, есептерді және басқа да мәліметтерді дайындау. Азаматтардың хаттары мен шағымдарына жауап дайындау.
А блогы, 4 грейд.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық немесе педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология немесе әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша мамандар даярлау) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтік ғылымдар) немесе қызметтер әлеуметтік жұмыс) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4390145553