Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының
Станционный кентінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 113-5-бабының 6 және 14-тармақтарына сәйкес Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Станционный кентінің әкімдігіне кандидаттар болып тіркелсін:
- Аширбеков Берик Абдураимович - 12.09.1991 жылы туған, «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру жұмысы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Тулебаев Алибек Тилегенович - 18.01.1966 жылы туған, Көкшетау қаласы Станционный кентінің әкімі, Көкшетау қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынылған.
- Қажымұрат Әділхан Ерболатұлы - 27.09.1993 жылы туған, «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің басшысы, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы