«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.06. – 19.06.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 27.06.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 02.07.2025

Сұхбат: 08.07.2025

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты

 

Функционалдық міндеттері:

 

Көкшетау қаласы әкімдігі мен әкімінің, қаланың атқарушы органдарының мүдделерін соттарда ұсыну. Талап-арыз жұмысын ұйымдастыру және жүргізу. Сот актілері, прокурорлық ден қою актілері бойынша есептерді уақытылы дайындау және жолдау. Көкшетау қаласының әкімі, Көкшетау қаласы әкімінің аппараты, қаланың атқарушы органдары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелер жасасатын шаруашылық шарттарға құқықтық баға беру. Көкшетау қаласы әкімінің аппараты, қаланың атқарушы органдары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелер өткізетін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізуге қатысу. Көкшетау қаласы әкімі мен әкімдігінің қызметі барысында туындайтын мәселелерді қарау және олар бойынша заңды қорытындылар дайындау. Прокурорлық ден қою актілері бойынша шараларды қарау және қабылдау. Сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды уақытылы орындау. Азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, жалпыға бірдей құқықтық оқыту және қолданыстағы заңнаманы насихаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Әкімдіктің және қала әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін тіркеуге жолдау, олардың мониторингін жүргізу, олар бойынша есептерді әділет органдарына дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау, шаралар қабылдау және оларға жауап дайындау.

А блогы, 4 грейд.

Білімі бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (құқықтану және халықаралық құқық) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

 

 

Шағым жасау тәртiбi

 

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4336716401

Дата публикации
12 июня 2025