«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04 – 11.06.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.06.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 22.06.2025
Сұхбат: 26.06.2025
E-G-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Красный Яр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, «E-G-3» санаты
Функционалдық міндеттері:
қаланың салық басқармасы органдарымен қарым-қатынаста салық жинауды ұйымдастыру, салық есептерін уақытылы жасау, арнайы шотқа қаражаттардың түсуі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, салық жинау реестрін жасау, салық салынатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктер есебі, округ аймағында орналасқан кәсіпорындарды есепке алу, бизнес ұйымдастыру жөнінде жеке тұлғалармен жұмыс жүргізу, кәсіпкерлерге консультативтік көмек беру, жаңа кәсіпорындар құру жөнінде жұмыстар жүргізу, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен, жер пайлары иелерімен, әскери есеп жүргізуге қолдау көрсету. Жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті қоғамдастық бойынша жұмыстарды енгізу. Әскери есепке алуды жүргізу бойынша жұмыста бақылауды жүзеге асыру. Әлеуметтік-экономикалық дамудың Кешенді жоспарын әзірлеуге қатысу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және хаттамалар жасау. Халық арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, Жоғары тұрған органдармен және ұйымдармен ақпараттық байланысты жүзеге асыру.
В блогы, 3 грейд.
Білімі бойынша талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе көлік құрылысы немесе инженерлік жүйелер және желілер немесе геодезия және картография) немесе бизнес, басқару және құқық саласында (менеджмент немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау немесе маркетинг немесе бағалау немесе спорт менеджменті) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
еңбек өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4325671604