«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17 – 23.05.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 31.05.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.06.2025
Эссе: 07.06.2025
Сұхбат: 12.06.2025
Анықтама телефоны: 87162297819
«Е-R-1» санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 380391
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау каласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы, «Е-R-1» санаты
Функционалдық міндеттері:
қала экономикасының жай-күйін талдауды, экономикалық және бюджеттік жоспарлауды, бюджеттің атқарылуын, салық жинау бойынша жоспар-болжамдарды жүзеге асыруға байланысты жұмыстар кешеніне басшылық жасау, қала бюджетінің жобасын әзірлеу; қаланы дамытудың ағымдағы, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеу; өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, қала әкімдігінің қаулыларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау; Бөлімнің жұмысына басшылық жасау, перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын қамтамасыз ету.
А блогы, 7 грейд.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика) саласында саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4303090237