«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16 – 22.04.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 30.04.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.05.2025
Сұхбат: 12.05.2025
Е-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қала құрылысы секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен жолданымдарын қарау; «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету; қаланың сәулеттік-эстетикалық келбетін жақсартуға қатысты мәселелерді қарау; Көкшетау қаласының аумағында салынып жатқан (салынған) жылжымайтын мүлік объектілеріне мониторингті жүзеге асыру; Көкшетау қаласы бойынша қайта жаңарту бағдарламасын іске асыру; бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету, мекеменің бухгалтерлік есебі мен есептілігін жүргізу; қаржы жылына бюджеттік өтінім жасау; белгіленген мерзімдерде қаржылық құжаттаманы, айлық, тоқсандық есептерді дайындау; бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйін бақылау, құндылықтарды бақылау және сақтау; іс қағаздарын және кадр мәселелерін жүргізу; шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, мекеме мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының ұтымды, үнемді пайдаланылуын есепке алу мен бақылауды жүргізу; мекеменің қаржылық жағдайы туралы жедел ақпарат беру, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есептілік жасау және мекеменің қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау және аудит жүргізу; Мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін конкурстық құжаттамаларды әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды (конкурстарды) өткізуге қатысу; мекеме меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты құжаттаманы қалыптастыру (материалдық жауапкершілік туралы шарттар; материалдық құндылықтардың түсу және қабылдау, олардың қозғалысын есепке алу тәртібін белгілейтін нұсқаулықтар); ішкі және сыртқы пайдалану үшін қаржы-экономикалық ақпаратты дайындауды жүзеге асыру. Сәулет және қала құрылысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мекеме қызметіне қатысты тапсырмаларды орындау.
В блогы, 3 грейд.
Білімі бойынша талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе көлік құрылысы немесе инженерлік жүйелер және желілер немесе геодезия және картография) немесе бизнес, басқару және құқық саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
еңбек өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4268443197