«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16 – 22.04.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 30.04.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.05.2025
Сұхбат: 12.05.2025
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» ММ құрылыс секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
құрылыс мониторингі; орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдауға қатысу; объектілерді салу және реконструкциялау мәселелері бойынша бас мердігерлік ұйымдармен жұмыс; салынған объектілерді мемлекеттік мекеменің балансынан қабылдау - беру жөніндегі комиссияларға қатысуға құжаттарды дайындау. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу; жоғары тұрған ұйымдармен және мердігер ұйымдармен хат алмасу; құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат ресімдеу; құжаттарды дайындау және жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссиясын өткізуге қатысу; Құрылыс және реконструкция объектілеріне қатысты мәселелерді келісу, объектілерді комиссиялық тексеру; объектілерге ЖСҚ жасау және мердігерлерге беру; мердігерлерде орындалған жұмыстардың есептерін, калькуляцияларын, нысандарын тексеру; Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
А блогы, 4 грейд.
Білімі бойынша талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе көлік құрылысы немесе инженерлік жүйелер мен желілер немесе электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы немесе автоматтандыру және басқару) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
еңбек өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4268456836