«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09 – 15.04.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.04.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 26.04.2025
Сұхбат: 02.05.2025
Анықтама телефоны: 87162297819
«Е-R-4» санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау және орындау секторының бас маманы (2025 жылғы 20.07. дейін 3 жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты негiзгi қызметкердiң демалыс кезеңiне, сондай-ақ осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы), «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
мемлекеттік органдар аппараттарының бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және өзге де бағдарламалардың стратегиялық құжаттарға, ҚР бюджет заңнамасына, қолданыстағы заттай нормаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің функцияларына, өкілеттіктері мен бағыттарына сәйкестігін қарау және оларға қорытындылар дайындау. Инвестициялық ұсыныстар мен жобаларға бағалау және экономикалық сараптама жүргізу; басым бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастыру. Мемлекеттік органдар аппараттарын және өзге де бағдарламаларды ұстауға арналған шығыстар бойынша қалалық бюджет жобасына ұсыныстар әзірлеу. Сектор құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық анықтамалар, материалдар, ақпарат дайындау. Қаланы дамыту бағдарламасы шеңберінде жетекшілік ететін бағыттар бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша талдау жүргізу және ақпарат қалыптастыру. Бюджетті әзірлеу, бекіту, нақтылау және түзету кезінде бюджеттік комиссияның отырысына материалдар дайындау. Сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, Жоғары тұрған органдардың, бөлім басшылығының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау.
В блогы, 3 грейд.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4253661114