«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05 – 11.04.2025

        Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.04.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 23.04.2025

Сұхбат: 29.04.2025

        Анықтама телефоны: 87162297819

        «Е-R-4» санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

        (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

«Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы, «Е-R-4» санаты

 

Функционалдық міндеттері:

 

бөлім басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс. Ауыл шаруашылығы техникасына, қосалқы бөлшектерге, жанар-жағармай материалдарына, егіс тұқымына, жемшөпке, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерге қажеттіліктің болуына мониторинг жүргізу. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына мемлекеттік бағдарламалар бойынша субсидия төлеу үшін қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен алынған құжаттарды ұсыну. Қаланың ауыл шаруашылық құрылымдарында дала жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді стратегиялық жоспарын, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Топырақ құнарлылығын арттыруға, астық шаруашылығын нығайтуға, мал шаруашылығы үшін берік жемшөп базасын құруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларды қамтамасыз ету, әзірлеу және енгізу. Өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, асыл тұқымды істі дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді. Қаланың ауыл шаруашылығы тауарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету. Жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу. Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша қала және облыс әкімдігінің отырыстарына материалдар дайындауға қатысу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша хаттар мен өтініштерді қарау.

В блогы, 3 грейд.

 

Білімі бойынша талап:

 

педагогикалық ғылымдар (химия немесе биология немесе химия-биология) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биология немесе биотехнология) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындажоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жұмыс өтілі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4246947985

Дата публикации
04 апреля 2025