«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05 – 11.04.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.04.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 23.04.2025

Сұхбат: 28.04.2025

Анықтама телефоны: 87162297819

        «Е-R-4» санаты үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

«Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жер қатынастары секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты

 

Функционалдық міндеттері:

 

жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен жолданымдарын қарау; жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету; материалдарды дайындау және жер комиссиясының қарауына жолдау; жер учаскелерін қажеттілігіне қарай көзбен қарап тексеру; нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; жергілікті атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау; жер учаскелерінің есебін жүргізу жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілері; қала жерлерінің балансын жасау және тапсыру; жерді резервтеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу; жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру; жер қатынастары саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

A блогы, 4 грейд.

 

Білімі бойынша талап:

 

инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жерге орналастыру немесе кадастр) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе топырақтану және агрохимия немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы  жерді мелиорациялау, баптау және қорғау) немесе бизнес, басқару және құқық (құқық немесе халықаралық құқық) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жұмыс өтілі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

 

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4247058624

 

Дата публикации
04 апреля 2025