Құрметтi Көкшетау қаласының тұрғындары және қонақтары!

Барлық әлем коронавирус iндетiмен күресуде. Дегенмен, бүгiнгi күнi Көкшетау қаласы тұрғындарының арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны тағы өсуде.

Сол себептi, Көкшетау қаласының барлық тұрғындарын карантин шараларын сақтауға шақырамыз!

Бiрiншiден, бiз қол мен бетiмiздi таза ұстауымыз керек. Қолыңызды жиi сабынды сумен жуып, дезинфекциялық құрал қолданыңыз. Қолыңызды аузыңызға, мұрныңызға немесе көзiңiзге тигiзбеуге тырысыңыз. Дезинфекциялау құралдарын өзiңiзбен бiрге алып жүрiп, үнемi қолыңызды тазалап отырыңыз. Тамақтану алдында қол жуу мiндеттi! Адам көп жиналған жерлерде, қоғамдық көлiкте болған кезде абай болыңыз! Әлеуметтiк қашықтықты сақтаудың маңыздылығын еске саламыз! Құрметтi көкшетаулықтар!

Осы шаралардың барлығы COVID-19 iндетiнiң алдын алып, таралуға жол бермеуiнiң алғы шарты!

Бетiңiздi қолмен ұстамаңыз! Өзiңiзбен бiрге антисептикалық орамалша алып жүрiңiз және жөтелгенде немесе түшкiрген кезде әрқашан мұрныңыз бен аузыңызды жабу керектiгiн ұмытпаңыз! Қол берiп, құшақтасып амандасудан аулақ болу керек. Бiз эпидемиологиялық жағдайды осы шараларды ұстансақ қана қалпына келтiре аламыз! Бәрi бiздiң қолымызда!

Дата публикации
26 октября 2020