«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 Конкурс туралы ақпарат

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.02.2025 – 05.03.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 14.03.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 19.03.2025

Сұхбат: 26.03.2025

Анықтама телефоны: 87162297893

Е-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 Лауазым атауы:

«Красный Яр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, «E-G-3» санаты

Функционалдық міндеттері:

 қаланың салық басқармасы органдарымен қарым-қатынаста салық жинауды ұйымдастыру, салық есептерін уақытылы жасау, арнайы шотқа қаражаттардың түсуі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, салық жинау реестрін жасау,  салық салынатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктер есебі, округ аймағында орналасқан кәсіпорындарды есепке алу, бизнес ұйымдастыру жөнінде жеке тұлғалармен жұмыс жүргізу,  кәсіпкерлерге консультативтік көмек беру, жаңа кәсіпорындар құру жөнінде жұмыстар жүргізу, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен, жер пайлары иелерімен, әскери есеп жүргізуге қолдау көрсету. Жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті қоғамдастық бойынша жұмыстарды енгізу. Әскери есепке алуды жүргізу бойынша жұмыста бақылауды жүзеге асыру. Әлеуметтік-экономикалық дамудың Кешенді жоспарын әзірлеуге қатысу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және хаттамалар жасау. Халық арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, Жоғары тұрған органдармен және ұйымдармен ақпараттық байланысты жүзеге асыру

В блогы, 3 грейд.

Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаралыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе қызмет көрсету немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

  жұмыс өтілі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4177342225

 

Дата публикации
26 февраля 2025