«Б» корпусының бос мемлекеттікәкімшіліклауазымдарғаорналасуғажалпы конкурс туралыхабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.02.2025 – 28.02.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 08.03.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 13.03.2025
Сұхбат: 17.03.2025
Анықтама телефоны: 87162297893
Е-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру. Қаржылық есептілікті дайындау үшін ордер журналдарын қалыптастыру және дайындау. Мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу. Қазынашылық органдарымен жұмысты қамтамасыз ету. Төлем құжаттарын (төлем шоттарын, өтінімдер мен хабарламаларды) ресімдеу және алдыңғы жылдарға арналған бюджеттік өтінімді жасау. Тауар-материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, жанар-жағармай материалдарын, автомобиль бөлшектерін уақтылы кіріске алу. Негізгі құралдар мен материалдарға жыл сайын түгендеу жүргізу және өз жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен жоғары тұрған органдар мен мекемелер арасында ұзақ мерзімді активтерді, тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау-беруді жүзеге асыру. Жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша кредиторлық және дебиторлық берешек бойынша есептер жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ жоғары тұрған және өзге де мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен және ұйымдармен хат алмасу.
В блогы, 3 грейд.
Білімі бойынша талап:
Бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе әлемдік экономика) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4171128016