Кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы

№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы хабарлама

«Көкшетау қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ хатын қарап, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабы 6-1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссиясы шешті:

№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттығына Бауыржан Берікұлы Секербайды кандидаттыққа тіркеу туралы шешімнің күші жойылсын.

 № 4 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 22 қарашасы

Дата публикации
25 ноября 2024