№ 4 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттың тіркелгені туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес және мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын сәйкестігін белгілеу негізінде келіп түскен құжаттарды қарап, № 4 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссиясы шешті:
№ 4 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат болып, 1991 жылы туған, Көкшетау қаласында тұратын, «Көкшетау қаласы әкімдігінің істер басқармасы» КММ гараж меңгерушісі Ермади Каирбекович Кенжегалиев тіркелсін.
№ 4 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссиясы
2024 жылғы 7 қарашасы