«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.10.2024-18.10.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.10.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 23.10.2024

Сұхбат: 29.10.2024

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 282693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 Лауазым атауы:

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ тұрғын үй көмегі және құқықтық бақылау секторының меңгерушісі

Функционалдық міндеттері:

Сектордың жұмысын бақылау және басшылық ету; Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, кіріс, шығыс және ішкі хат-хабарларды қарауды бақылау, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша соттарда өкіл ретінде қатысу; мүгедектігі бар адамдардың және жалғызбасты қарт азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі балалардың және мүгедектігі бар адамдар қатарынан 18 жастан асқан адамдардың мүдделерін білдіру және құқықтарын қорғау. Ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша әлеуметтік көмек төлемдерін бақылау және мемлекеттік қызметтерді көрсету және бақылауды жүзеге асыру. Стандартты емес жағдайларда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындауға байланысты азаматтардың шағымдары бойынша шешімдер қабылдау. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, оларға жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәліктер беру үшін арнайы комиссияның жұмысын жүзеге асыру. Азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау, ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу, тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша әлеуметтік қолдау көрсету бойынша кеңес беру.

А блогы, 5 грейд.

Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар) немесе бизнес, басқару және құқық немесе ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Шағым жасау тәртiбi

 Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3974575965

Дата публикации
11 октября 2024