«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.10. - 18.10.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.10.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 23.10.2024
Сұхбат: 29.10.2024
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
ішкі саяси саладағы мемлекеттік саясатты анықтайтын бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу; Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын дайындау және бақылау; өз құзыреті шегінде Қазақстанның Даму стратегиясының, ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Рухани жаңғыру» негізгі басымдықтарын іске асыруға және насихаттауға қатысу; «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және орындауға қатысу; Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын ұйымдастыру; әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастыру; Көкшетау қаласының құрметті тұрғындарымен өзара іс-қимылды және байланысты қамтамасыз ету; жалпы қалалық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу; ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындауды жүзеге асыру.
А блогы, 4 грейд.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық немесе бизнес, басқару және құқық немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия немесе дінтану немесе археология және этнология немесе шығыстану немесе теология немесе түркітану немесе исламтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат салсында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3973997913