Негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

2024 жылғы 11 қазандағы № 15/10  

Көкшетау қалалық аумақтық сайлау

 комиссиясының қаулысына қосымша

 

 

2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған

 Көкшетау қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

1. Сайлау округінің шекаралары мен Көкшетау қалалық аумақтық сайлау және округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып   бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 21 қазаннан кешіктірмей

(14-б. 6-тт., 22-б.)

2. Көкшетау қалалық аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 21 қазаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Көкшетау қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2024 жылғы 26 қазаннан кешіктірмей   (23-б. 5-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2024 жылғы 26 қазаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

5. № 4 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну және заңнамада көзделген құжаттарды тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну

 

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның,

өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің), жоғары басшы органы

2024 жылғы 11 қазанда басталады және 2024  жылғы 8 қарашада  сағат 18.00-де аяқталады

 (103-б.)

6. № 4 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

№ 4 Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдын бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

8. № 4 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

№ 4 Округтік сайлау комиссиясы

2024 жылғы 11 қазанда басталады және 2024  жылғы 13 қарашада  сағат 18.00-де аяқталады

 (104-б)

9. Көкшетау қалалық сайлау комиссиясына кандидаттарды тіркеу туралы хаттамалар ұсыну

 

№ 4 Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

10.  № 4 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша  Көкшетау қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттарды  тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

№ 4 Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

(104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

№ 4 Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(14-б. 8-тт., 16-1-б, 6-тт., 31-б.)

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

(104-б. 2-т.)

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

№ 4 Округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін 

(34-б. 6-т.)

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

№ 4 Округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Көкшетау қаласының әкімдігі

Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылғы 13 қарашаға дейін

(28-б. 6-т.)

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 13 қарашада  сағат 18.00 -ден кейін басталады және 2024  жылғы 7 желтоқсанда  сағат 00.00-де аяқталады

 (27-б. 2-т.)

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Көкшетау қаласының әкімдігі

Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Көкшетау қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 17 қараша

 (26-1 б. 1-т.)

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2024 жылғы 22 қарашадан бастап

(26-б. 1-т.)

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 27 қарашаға дейін

   (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.)

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2024 жылғы 5-7 желтоқсан

 (37-б. 3-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(38-б. 1-т., 40-б. 1-т.)

23. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

24. Сайлау учаскесіндегі № 4 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қаласының депутатын сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспаса, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды округтік сайлау комиссиясына ұсыну    

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

№ 4 Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (108-б. 1-т.)

28. № 4 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындыларын анықтау

 

Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей                                                                    

(14-б. 9) т., 44-б. 2- т., 108-б. 2-т.)

29. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 14 желтоқсаннан кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

30. № 4 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайланған депутатты тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                           

 

Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде  (34-б. 4-т.)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
11 октября 2024