Сайлауды тағайындау туралы қаулы

№ 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармағына, 101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес  және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Көкшетау қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Көкшетау қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы Көкшетау қаласы сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

Комиссия төрайымы                                                          М. Калиева

 

 

Комиссия хатшысы                                                     А. Курганбеков

Дата публикации
11 октября 2024