САЙЛАУДЫ БАЙҚАУ

САЙЛАУДЫ БАЙҚАУ

Сайлауды байқау - сайлау процесінің ажырамас бөлігі және сайлаудың заңдылық факторы болып табылады. Дамыған бақылау институты сайлау практикасын жақсартуға ықпал етеді, сайлау процесіне қатысушылардың барлығының сайлауға деген сенімін арттырады.

Байқау институты, яғни сайлауға қоғамдық мониторинг жүргізу арқылы сайлау комиссиялары қызметінің негізгі қағидаттары: алқалылық, жариялылық және ашықтықты қамтамасыз ету іске асырылады.

Байқаушының негізгі қызметі дауыс беруге қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, дауыс беру күні сайлау учаскесінде дауыс беру қорытындыларын белгілеу және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын қадағалау болып табылады.

 
   


Сайлауды байқауды жүзеге асыратындар:

 («ҚР Сайлау туралы» КЗ 20-б. 8 т., 20-1 б. 1-т.)

Саяси партиялардан, сондай-ақ өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардан Қазақстан Республикасының азаматтары байқаушылар ретінде жіберіледі. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 20-1 б. 1-т.)

Дауыс беру күні әрбір сайлау учаскесінде бір мезгілде ҚР әрбір партиядан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан бір байқаушыдан қатысуға құқылы.  («ҚР Сайлау туралы» КЗ 20 б. 8 т.)

 

РЕСПУБЛИКА БАЙҚАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 Дауыс беру күні әрбір сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір саяси партиядан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан бір байқаушыдан жүруге құқылы. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 20 б. 8 т).

 Байқаушылар:

1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;

2) дауыс беруге, соның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға;

3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайында болуға;

4) тасымалданатын сайлау жәшігін бақылап жүруге, соның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға;

5) сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін барлық аталған рәсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға;

6) тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;

7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде қатысуға;

8) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы және жоюы кезінде қатысуға;

9)  дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға;

10) дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға;

11) дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға;

12) сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиісті жазбаша мәлімдемелерді, актілерді табыс етуге және табыс еткені туралы белгі соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың өтініштері бойынша дауыстарды санау хаттамасына олардың жасаған актілерін қоса беруге міндетті.  («ҚР Сайлау туралы» КЗ 20-1 б. 4 т)

Байқаушылар міндетті:

1) олардың жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге;

2) сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдерді қабылдау рәсіміне араласпауға;

3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;

4) сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға;

5) өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілермен негіздеуге;

6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға;

7) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге міндетті.

ОТВЕТСТВЕННОСТЬ НАБЛЮДАТЕЛЕЙ

ҚР сайлау туралы заңнамасы бұзылған жағдайда байқаушы мен өзге де адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелді шешімі бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 39 б. 2 т.)

Байқаушылар ҚР заңнамасын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы байқаушыны тіркеудің күшін жоюға құқылы. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 20-1 б. 4 т.)

 СЕНIМ БIЛДIРІЛГЕН АДАМДАР

Кандидаттар сенiм бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша тиісті сайлау округiндегi әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды және оларды тiркеу үшiн тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды. Сенiм бiлдiрiлген адамдар ретiнде ұсынған тұлғалар тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сенiм бiлдiрiлген адам болуға келiскенi туралы өз өтінішін табыс етедi. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 31б. 2 т.)

Сайлау комиссиясы сенiм бiлдiрiлген адамдарды тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiк бередi. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 31б. 3 т.)

Сенiм білдiрiлген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс, ол Сенат депутатын сайлау кезiнде мәслихат депутаты, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, саяси мемлекеттiк қызметшi лауазымындағы адам болмауға тиiс. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 31б. 4 т.)

Сенім білдірілген адамдар саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдар байқаушыларының құқықтары мен міндеттерін иеленеді. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 31б. 5 т.)

УСК сенiм бiлдiрілген адамның жазбаша нысанда берілген арызы бойынша дауыстарды қайта санауды жүргiзедi. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 43 б. 7-1 т.)

САЙЛАУДЫ БАЙҚАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ

Байқаушылар үшін сайлау жәшіктерін, жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың кіруі мен шығуын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 39 б. 1 т.)

Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар УСК мүшелерiнiң iс-әрекетiн үй-жайдағы қатысушы барлық адамдардың көрiп отыруы қамтамасыз етiлетіндей етiп орналастырылады. Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенiм бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар дауыстарды санауды бюллетеньдердегi белгілердiң көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлетiндей қашықтық пен жағдайда байқап тұрады. («ҚР Сайлау туралы» КЗ 43 б.1 т.)

Дата публикации
02 октября 2024