Көкшетау қаласы әкімі аппаратының «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.09.2024-07.10.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 08.10.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 11.10.2024

Сұхбат: 16.10.2024

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 Лауазым атауы:

«Красный Яр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, «E-G-3» санаты

Функционалдық міндеттері:

барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіру құқықтық мәселелерді қарау және олармен және әділет органдарымен құқықтық өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алу бойынша талап-арыз жұмысын ұйымдастыру және жүргізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттарды заңдық сүйемелдеу. Шарттарды қарау және олардың қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестігін қарау. Әкім аппаратының қызметкерлеріне заңгерлік кеңес беру. «Сот кабинеті» базасын жүргізу. Нотариаттық функцияларды жүзеге асыру. Өтеусіз және жалдамалы пайдаланудың үшжақты және екі жақты шарттарын жасау. Жер-мүлік қатынастарын реттеуді жүзеге асыру. Коммуналдық меншікті басқару бойынша жұмысты жүзеге асыру. Алқабилердің тізімін жасау. Әлеуметтік-экономикалық дамудың Кешенді жоспарын әзірлеуге қатысу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және орындау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және хаттамалар жасау. Ономастика бойынша жұмыстарды енгізу. Халық арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, Жер мәселелері бойынша жоғары тұрған органдармен және ұйымдармен ақпараттық байланысты жүзеге асыру.

В блогы, 3 грейд.

Білімі бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (құқықтану) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

 Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3944703966

 

 

 

 

Дата публикации
30 сентября 2024