«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 Конкурс туралы ақпарат

 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.09.2024-07.10.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 08.10.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 11.10.2024

Сұхбат: 16.10.2024

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 Лауазым атауы:

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ ардагерлермен және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеу бойынша секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты

Функционалдық міндеттері:

мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу бойынша, мүгедектігі бар адамдарды протездік – ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу бойынша, мүгедектігі бар адамдарды техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыстар мен қызметтерді жүзеге асыру бойынша азаматтарға кеңес беру. Азаматтарды қабылдау және хаттар мен жолданымдарға жауап дайындау.

А блогы, 4 грейд.

Білімі бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтану немесе психология) немесе педагогикалық ғылымдар немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) немесе денсаулық сақтау саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

 Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3944842279

 

 

 

Дата публикации
30 сентября 2024