Дауыс беруді бастаудың басқа уақытын белгілеу туралы
Көкшетау аумақтық референдум комиссиясының
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 29-бабының, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 38-бабы 1-тармағының негізінде № 59 учаскелiк референдум комиссиясының дауыс беру уақытын өзгерту туралы ұсынысы бойынша Көкшетау қалалық аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:
|
Р/б № |
Референдум учаскесінің № |
Учаскенің орналасқан жері |
|
1. |
59 |
Көкшетау қаласы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 37 |
Дауыс беруді бастау мен аяқтау уақыты (жергілікті уақыт) Көкшетау қаласы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 37 № 59 референдум учаскесінде 06:00 сағаттан белгіленсін.
Референдум комиссиясының төрайымы М. Қалиева
Референдум комиссиясының хатшысы А. Қорғанбеков
2024 жылғы «24» қыркүйек