Көкшетау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы тамыздағы
мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 18 мамырдағы № 177/НҚ бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Көкшетау қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік қызметтердің 121 түрін (кіші түрлерін) көрсетеді.
Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органдары 2024 жылғы шілдеде барлығы 1605 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 409 мемлекеттік корпорация арқылы, 992 «Электрондық үкімет» порталы арқылы, 29 мемлекеттік қызмет мемлекеттік органның кеңсесі арқылы қағаз түрінде, 61 мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілді.
114 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілді, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушылармен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 590 (жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі – 121, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 397, Көкшетау қаласы әкімінің аппараты-16, Краснояр ауылдық округі әкімінің аппараты-2, Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі -51, Көкшетау қаласының экономика және қаржы бөлімі – 1, Көкшетау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі – 2, Станционный кенті әкімінің аппараты-1).
Ағымдағы жылдың тамыз айында Көкшетау қаласы әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету сапасына 4 өтініш келіп түсті 1 өтініш Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне ҚР АППК 91-бабы 4-тармағы шеңберінде қайта жіберілді, 3 өтініш бойынша жазбаша түсініктемелер берілді.
Көкшетау қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі жұмысы жалғастырылатын болады.